15.07.2022
183
Беретін күзде жемісін жиып...
Беретін күзде жемісін жиып,
Діңгегі мықты ағаштар биік
Қоштасып, шіркін, құлайды бір күн,
Тұрса да көкке төбесі тиіп.
Тас болған мұз да қатса да қанша
Мерзімі бітсе болады сұйық.
Болғанмен құнды, тамыры берік,
Жүргенмен нұрлы ертеңге сеніп,
Жапырақ қурап, жүрегі тулап,
Дәурені өтсе, қалады семіп.
Телегей су да айналып буға,
Жыл өткен сайын жатпай ма кеміп.
Толағай тау да, жайқалған бау да,
Сырқат пен сау да, дос пенен жау да,
Ұшатын құстар қанатын жайып,
Балықтар суда қамалған ауға
Тағдырға көніп, тәубаға келіп,
Сұрайды түбі жанына сауға.