14.07.2022
330
Жасөспірім бала кезім...
Жасөспірім бала кезім,
Сезімге мас, шала кезім.
Ол күндері білмеймін де
Қайда екенін Қағбаның.
Мені саған құмар қылған,
Сені маған сыңар қылған,
Жазуы ғой Алланың.
Жамандықпен күрескенде,
Арамдықпен тірескенде,
Не түссе де басымызға,
Бір көтердік салмағын.
Екеумізді серік қылған,
Несібесін беріп тұрған,
Жазуы ғой Алланың