14.07.2022
158
Мойындағы салық –
Мойындағы салық –
Алынбаған қамыт,
Төртеу куә болса,
Кете алмайсың танып.
Өтелмеген парыз –
Төленбеген қарыз.
Сұрау салар күні
Кімге айтасың арыз?!
Болмай дәрет таза,
Бес намазың қаза.
Оразадан қашсаң,
Қалай болсын маза?!
Фәниді де қимай,
Нәпсіні де тыймай,
МаҺшар болған кезде
Маңырайсың қойдай.