14.07.2022
  74


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Бұлақтар сарқылып...

Бұлақтар сарқылып,
Тау шөгіп, құт кеміп,
Өзендер тартылып,
Қауымдар жіктеліп,
Алжасқан ақылдан
Шайтанды дос көріп,
Дән сепкен тақырға
Еңбегі еш болып,
Көк аспан бүктеліп,
Теңіз көкбеттеніп,
Көктеген егіннің
Өнімі шектеліп,
Жерге де нәр тамбай,
Мал өліп, жұт болып,
Жүдеген пақырың
Келсе егер өлгісі,
Бұл – заманақырдың
Ең анық белгісі.





Пікір жазу