meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  14.07.2022
  170


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Көкірек қуыс, ішім бос...

Көкірек қуыс, ішім бос,
Ащысын татып жалғанның,
Қайсысы дұшпан, қайсы дос,
Айырмай, сірә, қалғанмын.
Жанымда жүр ғой талайлар,
Секілді көбі тірі өлік,
Төгейін тілден қалай зар,
Қара қобыздай күңіреніп.
Өңмеңдеген өктем күш
Жармасқанмен жағаға,
Аллаға аян еткен іс,
Ескерусіз қала ма?!





Пікір жазу