14.07.2022
394
Тәні саудың жаны сау...
Тәні саудың жаны сау,
Жаны саудың қаны сау.
Тазалықтың ауылы
Әлі бізге алыс-ау.
Жан денеге қонақ болса,
Ренжітпе мейманды.
Жұрт сыртыңнан қарап тұрса,
Шаша білгін жиғанды.
Болса тәнің жаралы,
Көп қой елдің амалы.
Болса жаның жаралы,
Бітірерің шамалы.
Тән – жанына қынап болса,
Таза ұстағын тәніңді.
Жан – жанатын шырақ болса,
Тазартады қаныңды.
Тән – үйренген қалыбың,
Жан – жебесі арыңның.
Тән менен жан дос болса,
Алда көрер жарығың.
Жүрек соған сендім десе,
Жан мен тәнің үйлесер.
Жан тәніңді елжіретсе,
Тән рақат күй кешер.