14.07.2022
  115


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Көктен жерге дейін

Көктен жерге дейін
Берген Тәңір сыйын.
Соны да ұқпай жүрсең,
Ашып кеткен миың.
Жан-жануар күйін,
Әр жәндіктің үйін
Жасап берген Хаққа
Иланбау да қиын.
Бұдан шығар түйін:
Харам болса – тыйым.
Халал асқа асық,
Алла ісіне сүйін!





Пікір жазу