14.07.2022
98

Патша тозып алтын тақта...
Патша тозып алтын тақта,
Жүзік солып тар лахатта.
Жауап таппай қиналмай ма
Мәңкүр-Нәңкүр келген шақта.
Өтіп жатса заман ептеп,
Азғын тұрса амал көп деп,
Кім айтады көрешекте
Қылған іске зауал жоқ деп.