14.07.2022
80

Болғанмен кейпі оңды аса...
Болғанмен кейпі оңды аса,
Жаралған адам балшықтан
Алласы демін салмаса,
Шықпауы анық шалшықтан.
Бас иіп түгел періште,
Алланың сөзін тыңдаған,
Болса да қанша ол үстем,
Ібіліс сәжде қылмаған.
Тозақтан табар тұрағын,
Киген соң лағнет қамытын,
Бұзуға дайын тұрады
Адамның жүрек сауытын.
Ашып та кетер ми қалың,
Инесін тұрса піскілеп,
Иманың – берік қалқаның,
Шайтаннан, бірақ, күштірек