14.07.2022
  73


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Мал дәметіп, бала тілеп...

Мал дәметіп, бала тілеп,
Жидық дүние-тезекті.
Болғаннан соң шала тілек,
Көп күндерім бос өтті.
Бұлты қалың тұрған биік
Көрсетпесе тұмшалап,
Мансап қуып, шекпен киіп,
Жүрдік жұртты қор санап.
Сайран бағың, аста тағың –
Бәрі түгел тоналды.
Жақын қалды өлер шағың,
Астамдықтан не қалды?!





Пікір жазу