meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  14.07.2022
  195


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Ғылым сырын ұқсаң да...

Ғылым сырын ұқсаң да,
Шың басына шықсаң да,
Өміріңнің маңызы
Тіреледі Ихсанға.
Болса-дағы адам аш,
Қалса-дағы жалаңаш,
Кеудесінде нұр болса,
Азғын шайтан жоламас.
Түске дейін Имам боп,
Түстен кейін Иван боп
Жүргендердің, мен білсем,
Жүрегінде иман жоқ.
Адассаң да тұманда,
Берілсең де күмәнға,
Жақтаушың да –
Бір Алла,
Ақтаушың да –
Бір Алла.





Пікір жазу