14.07.2022
126
![](/uploads/shorttexts/author_image/screenshot-20200424-144226.png)
Фәниді жалған ермек деп...
Фәниді жалған ермек деп,
Өмірге ендік еңбектеп.
Ішсек те жиі кермек көп,
Қоқымды жидық тірнектеп.
Сөксе де сырттай бірбет деп,
Жалғадық істі ілмектеп.
Шешуі қиын болса да,
Түйінді түйдік күрмектеп.
Алмасып жатқан дүрмек көп,
Өмірдің өзі – бір мектеп.
Ғұмырың зайғы өтпесе,
Шығарып салар құрметтеп.