14.07.2022
  97


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Сөйленген сөз көпіріп

Сөйленген сөз көпіріп
Болса шылғи өтірік,
Кім іздейді әділет?!
Қапа болмай аһ ұрып,
Істің күтіп ақырын,
Тіршіліктің қамын ет.
Сөзін сөйлеп кесірдің,
Қолын қағып жесірдің,
Қақын жесең жетімнің,
Тазара алмас жаны кір,
Пайдасы жоқ, бәрібір,
Өкінбе, не өкіндің.
Ойнасаң да, күлсең де,
Сыр білдірмей жүрсең де,
Болмағандай ештеңе,
Көрген куә танбаса,
Жасырғаның – далбаса,
Қылықтарың – әшкере.





Пікір жазу