14.07.2022
  118


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Қораз таңда шақырса –

Қораз таңда шақырса –
Періштелер келген шығар.
Есек қатты ақырса –
Ібілісті көрген шығар.
Мысық тұрса үрпиіп –
Бәлкім, біреу жүрген шығар.
Жатса түнде ит үріп –
Ол да мұны білген шығар.
Мұндай сәтте адамға жол –
Бір ғана.
Сұбыханалла!
Сыйын жалғыз Аллаға.





Пікір жазу