14.07.2022
134
Аттанғанда сапарға
Аттанғанда сапарға
Оң аяқты басқан жөн.
Тұрып қалсаң қатарда,
Сабыр сақтап, тосқан жөн.
Мешітте де, білесің,
Дәстүр сырын ұғасың,
Оң аяқпен кіресің,
Сол аяқпен шығасың.
Тергер әділ қазы бар,
Иман – сенер қамалың.
Оң жағыңнан жазылар
Қылған жақсы амалың.