14.07.2022
  148


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Ауызға келген түкірік...

Ауызға келген түкірік,
Қайтып жұтсаң – мәкүрік.
Жалған сөзден бастасаң,
Қалғаны да өтірік.
Суайт адам лепіріп,
Сөйлей берер көпіріп.
Бір қария қадірлі
Тоқтатпаса жекіріп.
Шешендігің жетіліп,
Қалмау үшін өкініп,
Кезек күтіп тұрсын сөз,
Отыз тіске бекініп.





Пікір жазу