meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  14.07.2022
  126


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Күрмеуі көп, баяны жоқ...

Күрмеуі көп, баяны жоқ,
Дүрмегі көп, тұрлауы жоқ,
Бұл фәнидің дөңгеленіп
Ұршыққа ұқсап зырлауы көп.
Сүрінсең де, кідірсең де,
Тіршіліктің жүгі сенде.
Бақида өмір жалғасады
Жалған жібі үзілсе де.





Пікір жазу