14.07.2022
  78


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Жүрген жандар сағы сынбай...

Жүрген жандар сағы сынбай,
Үкім айтса, әділ болған.
Сенімдері кәміл болмай,
Шайтан жолдан жаңылдырған.
Әлімсақтан белгілі жай –
Қабылдыкі қабыл болмай,
Әбілдікі қабыл болған.
Өтіп солай дүния жалған,
Көп адамнан көңіл қалған.
Мұның бәрі – өмір заңы,
Кеше болған, бүгін болған.
Әділ жандар шығып тордан,
Аман қалған қазған ордан,
Бақ дарыған, Қыдыр қонған.





Пікір жазу