14.07.2022
  72


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Ұмыт қалып күнә бар...

Ұмыт қалып күнә бар,
Не де болса құп алар,
Адам аз ба жәннаттың
Есігінен сығалар.
Кірбің-кірі байқалар,
Көңіл көлі шайқалар,
Адам көп пе тозаққа
Барамын деп айта алар?!
Фәнидегі жалған ба,
Күйіп кеткен орман ба?!
Пенделер көп, әйтеуір,
Жетпей кеткен арманға.
Тозақтағы азап па,
Жұмақтағы ғажап па?!
Әғрафқа келгенде
Таңдау түсер қазаққа.





Пікір жазу