14.07.2022
  102


Автор: Ақылбек Шаяхмет

«Азғындар ереді ақынға!» –

«Азғындар ереді ақынға!» –
Дегенді оқыдым жақында.
Жалғанды құндаса ақын ба,
Шайтанды тыңдаса ақын ба,
Жылтырды сырласа ақын ба,
Нәпсіні жырласа ақын ба,
Жақсылық қылмаса ақын ба,
Сабыр қып тұрмаса ақын ба,
Айтқаны далбаса ақын ба,
Бақиға нанбаса ақын ба?!
Болады ақынның азғыны,
Барарын білмейтін ақырға.
Көңілі мөп-мөлдір шыныдай,
Әр сөзі аспанның нұрындай
Сеніңдер тек нағыз ақынға!





Пікір жазу