meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  14.07.2022
  120


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Тік тұрғаныңды...

Тік тұрғаныңды,
Нық тұрғаныңды,
Бүк қылғаныңды,
Шік қылғаныңды,
Еңкейгеңінді,
Көркейгеңінді,
Аманат сөзді
Ұқтырғаныңды
Көріп тұрады.
Шалқайғаңыңды,
Талтайғаныңды,
Ортайғаныңды,
Тоңқайғаңынды,
Шіренгеңінді,
Тіленгеңінді,
Жасыңа жетпей
Қартайғаңынды
Біліп тұрады.
Сенем дегенді,
Сәлем дегенді,
Ерем дегенді,
Көрем дегенді,
Барлық қарызын
Берем дегенді,
Соңғы парызым –
Келем дегенді
Ұғып тұрады.





Пікір жазу