14.07.2022
  92


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Әлпештеген ұл-қызы

Әлпештеген ұл-қызы
Ата-ананың алдында
Басын иіп, қол қусырып тұрса егер,
Беташарда келін сәлем қылса егер,
Жолаушылар алыс жақтан оралған
Туған жерге тәжім қылып жатса егер,
Ер еңкейіп, бұлақтан су татса егер,
Көкірекке ізгі сезім ұялап,
Әруақтарға қылса ұрпағы зиярат,
Аты аталса пайғамбардың, әулиенің,
«Серік қосты Аллаға!» - деп,
Таға алмаймын елге мін.
Кім-кімнің де таңды күліп қарсы алған,
Жаратушы кеудесіне жан салған,
Бірақ, бәрін Алла атымен бастасаң,
Оған серік қоспасаң,
Бұл Аллаға сыйынғаны пенденің.





Пікір жазу