14.07.2022
96

Ұстасаң адамдық қалыбын...
Ұстасаң адамдық қалыбын,
Ешқашан сарқылмас сабырың,
Нық болып басқан әр адымың,
Кеңейер түсінік-танымың.
Сыйласаң өмірдің тамырын,
Көресің күннің де жарығын.
Адамның ұға алсаң қадірін,
Алланың орында әмірін!