meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  14.07.2022
  180


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Тозбайтұғын киім жоқ...

Тозбайтұғын киім жоқ,
Азбайтұғын бұйым жоқ,
Ерімейтін қатты жоқ,
Бұзылмайтын тәтті жоқ,
Жанған оттың өшкені
Қабырғама батты көп.
Көп нәрсені мәңгілік
Деп ойлайды әңгүдік.
Ішіңді оттай жандырып,
Өмір жатса жаңғырып,
Бар ғаламды жаратқан
Алла ғана мәңгілік!





Пікір жазу