14.07.2022
  77


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Кірмесе шайтан араға...

Кірмесе шайтан араға,
Жүрегің дерттен босайды.
Құрсақта жатқан шарана
Аллаға тәжім жасайды.
Алдамшы мына фәниде
Тік жүріп кету – мұрады,
Еңбектеп жүрген сәби де
Аллаға тәжім қылады.
Ұрпағы толған артында,
Жырласа көл боп етегі,
Еңкейіп қалған қартың да
Аллаға тәжім етеді.
Кездеспес күнде өңкей төр,
Тосқауыл қояр тіршілік,
Кісіні түбі көркейтер
Аллаға деген құлшылық.





Пікір жазу