14.07.2022
175
Намазға барсаң мешітке...
Намазға барсаң мешітке,
Ертерек қамдан, кешікпе,
Кірген мен шыққан белгілі,
Адымың әрбір есепте.
Қарамас ешкім желкеден,
Сәждені қылсаң ертерек,
Мойныңда болса қарызың,
Мерзімін созбай бер төлеп.
Тілекші болса жамағат,
Жұқпайды саған жаманат.
Түбінде отқа күйеді
Жүргендер нақақ қаралап.
Ниетке қауым сүйсінбек,
Санаға солай нұр сіңбек.
Маңдайың жерге тигенде,
Жүрегің тұрсын дүрсілдеп