14.07.2022
120
Сене алмаған Аллаға...
Сене алмаған Аллаға,
Иланбаған молдаға,
Көп құдайға табынса –
Мұның өзі зор күнә.
Ата тілін алмаған,
Ана тілін алмаған
Перзентті де күнәнің
Ауыр бұлты торлаған.
Болғаннан соң тірі адам,
Құлшылық қып шын оған,
Рақым тіле Рахманнан,
Арыласың күнәдан.