14.07.2022
  118


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Басыңа қонған бақ сана...

Басыңа қонған бақ сана,
Жүректің болса кеніші,
Ағаштың еккен бақшада
Ұрпаққа қалар жемісі.
Қызығын көрген өмірдің
Бар болса адам сенімі,
Фәниде еккен егіннің
Бақида болар өнімі.





Пікір жазу