14.07.2022
  98


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Болса да қоңыз, күні боқ...

Болса да қоңыз, күні боқ,
Білмейтін тіпті ұятты,
Жүр қанша пенде тірі боп,
Илеген қамыр сияқты.
Жасырын сыр бар, біл, нендей,
Несі артық оның қаңбақтан?
Пендеге өмір түрмедей,
Құлқыны үшін жан баққан.





Пікір жазу