14.07.2022
  97


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Оттаған хайуаннан...

Оттаған хайуаннан,
Аң-құстан қозғалған,
Күн кешкен адамнан,
Ішіп-жеп мәз болған,
Әр жерді үй қылған,
Жәндіктен жиналған,
Бәрінің артында
Байқасаң, қи қалған.
Болса егер ізгі арман,
Жақсыдан із қалған,
Ғалымнан ой қалған,
Данадан сөз қалған.





Пікір жазу