14.07.2022
121
Ішкен асым, киген киім қанша таза болса да...
Ішкен асым, киген киім қанша таза болса да,
Сапар шықсам, жүрген жолым таза емес.
Жын-ойнақ пен ашық-шашық қыз тәнін
Күнде көріп жүрген көзім таза емес.
Былапытты естіп жүрсе құлағым,
Барған, болған лас орын аз емес.
Жүрегімді таза ғой деп ойлаймын,
Бірақ, оның соғысы да мәз емес...