14.07.2022
143
Күн нұрындай шұғыласын төккенде...
Күн нұрындай шұғыласын төккенде,
Бәйшешектей қаулап шыққан көктемде,
Жұлдыздардай жанып тұрған көгімде,
Асыл тастай жатқан мұхит түбінде
Құран сөзі көкірегіме құйылды.
Әр аяттың мағынасын тексеріп,
Елеуіштен шыққан әбден екшеліп,
Қазағымның күмбірлеген күйіндей,
Қара өлеңде айтылатын түйіндей
Құран сөзі көкірегіме құйылды.
Тіршіліктің бастауына айналған,
Зәмзәм судай қайнап шыққан қайнардан,
Жер мен көктің екі арасын босатпай,
Жауыннан соң шыққан кемпірқосақтай
Құран сөзі көкірегіме құйылды