14.07.2022
  76


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Қаншама зор болғанымен көлемі...

Қаншама зор болғанымен көлемі,
Заңғар тау да күні бітсе өледі.
Білімсіздің күні қараң ілімсіз,
Күнде үстіне қара албасты төнеді.
Пәле табар іздеп жүрген пәлені,
Сырқатқа ем – сау кісінің сәлемі.
Ары таза, сенімі нық адамдар
Иланады болмаса да дәлелі.
Кейбіреулер сый күтеді кәделі,
Кейбіреулер хор қызынан дәмелі.
Қияметтен үміт еткен жан болса,
Көкірегін тазаласын әуелі.





Пікір жазу