14.07.2022
  90


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Түнде көріп шырақтарды жағылған..

Түнде көріп шырақтарды жағылған,
Кейбір надан жұлдыздарға табынған.
Көрген кезде жарқыраған күн, айды
Көріп тұрмын деп ойлаған Құдайды.
Енді біреу қалың елге жиылған
Пұтты әкеліп, соған ғана сыйынған.
Кеткеннен соң шайтан өтіп арадан,
Пайғамбарды біреу тәңір санаған.
Бір Алланы Құран кәрім түсірген
Қалай ғана шығарасың есіңнен?!
Күн мен айды, жұлдызды да жаратқан,
Адамзатты жер бетіне таратқан.
Түйсік берген төрт аяқты малға да,
Сыйын жалғыз жаратушы Аллаға!





Пікір жазу