14.07.2022
  128


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Қоңыз жүр қыбырлаған қи ішінде...

Қоңыз жүр қыбырлаған қи ішінде,
Доңыз жүр қорсылдаған ми ішінде.
Діні жат әйел алған азаматтың
Болмайды берекесі үй ішінде.
Басылмай алып-ұшқан көңіл шері
Ойламас қате бар деп бұл ісінде,
Қитықтан ситық тауып келіншегі,
Дау туса, сыртқа қашар түн ішінде.
Жем түскен аяғына қысырақтай
Көп болар кем-кетігі жүрісінде,
Қоймайды бір пәлеге ұшыратпай,
Сайқалдық бұғып жатар күлісінде.
Еркегін ер секілді санамаса,
Мін болмай тұрса-дағы мінісінде,
Болуға үйге тұтқа жарамаса,
Бұл бір жай мысал болар кім үшін де.
Болса да туысына қандай жақын,
Тікендей өсіп тұрған гүл ішінде,
Сүйелдей көзге шыққан мұндай қатын,
Әйтпесе, басқа әйелде жұмысым не?





Пікір жазу