14.07.2022
98
Бұл жағдай әсер етер кімге қалай...
Бұл жағдай әсер етер кімге қалай,
Күтпейді саналы адам түннен арай.
Күнбағыс бойлап өссе күнге қарай,
Ұшады бал арасы гүлге қарай.
Жыртқыш аң ұзақ жатпас ін түбінде,
Аунарын түлкі білер кірпінің де.
Оқталған мылтық түбі атпай қоймас,
Жатпайды алмас қанжар қын түбінде.
Бермесе ақ төсінен анасы ырыс,
Жата ма бесігінде бала тыныш.
Барлығы байланысты бір-біріне,
Тәртіппен жаратылған жаратылыс.
Таудың да күні келер бүгілетін,
Тастың да кезі келер үгілетін,
Бар адам алдына кеп жүгінетін
Ұмытпа Жаратқанның құдіретін.