14.07.2022
109
Жапанда елден безіп жалғыз жатқан...
Жапанда елден безіп жалғыз жатқан,
Жалғандық Шәкәрімге қатты батқан.
Түбіттей жұмсақ сөздер елжіретсе,
Балғадай қатты сөздер тасты уатқан.
Сезініп жан-тәнімен нұр-тынысын,
Түсінген ақыл-оймен тылсым ісін,
Жалғаннан жалғыздықты артық көрген
Ақынның естіп тұрмын күрсінісін.
Босатып өзін ерте шытырманнан,
Бас алған ақиқаттан бүкіл арман,
Шәкәрім бұл өмірдің мәнін ұғып,
Тіршілік батпағынан құтылған жан.