14.07.2022
  119


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Орманды өрт, мұхитты дерт басса да...

Орманды өрт, мұхитты дерт басса да,
Өзен суы арнасынан асса да,
Жер сілкініп, қанша зұлмат төнсе де,
Талай боздақ мезгіл жетпей өлсе де,
Неге қанға тоймайды екен адамзат?!
Жеген асы жал мен жая болса да,
Жалт-жұлт еткен ақ сарайға қонса да,
Бал татыған тәтті сусын ішсе де,
Жақсылардың ортасына түссе де,
Қанағаты болмайды екен адамзат?!
Бала күнгі арманына жетсе де,
Атақ-даңқы алыс жаққа кетсе де,
Шаңыраққа ырыздығы толса да,
Есі түзу, ғұмыры ұзақ болса да,
Қызығуды қоймайды екен адамзат?!
Дәурен өтіп, жасы жетіп, қартайып,
Қайрат кеміп, буын семіп, әл тайып,
Жүру қалып, бір бүйірге жантайып,
Екі көзден жатқан шақта нұр тайып –
Үзілуді ойлайды екен адамзат.





Пікір жазу