14.07.2022
  93


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Білесің бе тірілердің қадірін...

Білесің бе тірілердің қадірін,
Білесің бе өлгендердің қабірін?
Өлім деген мейірімсіз, тасбауыр,
Барша жұртқа орындатар әмірін.
Бірақ, ажал аңдаусызда келмесе,
Мәңкүр-Нәңкүр алдына алып, тергесе,
«Осы қысқа ғұмырыңда, әй, пенде,
Не тындырдың?
Жауабыңды бер!» – десе.
«Білмеймін!» – деп, бәлкім, басты шайқарсың,
Бәлкім, ішің пысқаныңды айтарсың.
Кигеніңді, сүйгеніңді айтарсың,
Ішкеніңді, құсқаныңды айтарсың.
Атажұртқа бір тал шыбық ектің бе,
Белді буып, ғылым қуып кеттің бе,
«Қылмысымды қайсы байқап қалар?» – деп,
Әлде артыңа алаңдаумен өттің бе?
Азаматы көркейтпесе ауылын,
Ауырды ма ет-жүрегің, бауырың?
Жатқанда да торқа болар топырағың,
Туған жерден үзілмесе тамырың.





Пікір жазу