14.07.2022
123
Іштегі ауыр ойдан арылғым кеп..
Іштегі ауыр ойдан арылғым кеп,
Қағазды жайып қойып, сарылдым көп.
Көргенде ойы таяз пенделерді,
Кетеді қаным қайнап, жаным жүдеп.
Дін күтпей жүргендер бар залыммын деп,
Асылық қылғандар бар ғалыммын деп,
Өнерге қолы жеткен неге айтпайды
Алланың арқасында таңылдым деп.
Сопы айтар:
«Ғұмыр бойы жалындым!» – деп,
Дүмше айтар:
«Жаратқанға не қылдым?» – деп,
Жасаған құлшылығын міндет қылмай,
Айтпай ма:
«Хақтың жүзін сағындым!» – деп.