14.07.2022
  98


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Бұл жалғанды жайлап алып «пысығы»...

Бұл жалғанды жайлап алып «пысығы»,
Көп болып тұр әйелдердің түсігі.
Халал асқа харам жиі қосылып,
Көбейіп тұр еріннің де ұшығы.
Өтіріктің бойлары өсіп, зорайып,
Қара көздің ақтары өсіп, алайып,
Тура айтатын адал адам азайып,
Қулық-сұмдық бара жатыр молайып.
Әзәзілдің жүрген жолы кеңейіп,
Жын мен шайтан кеткен кезде көбейіп,
Алла!
Бізді кесапаттан сақтай көр!
Одан басқа не дейік?!





Пікір жазу