14.07.2022
77
Жөні келмей кей кезде текке амалым...
Жөні келмей кей кезде текке амалым,
Мәнін білмей жүретін ақ-қараның,
Олпы-солпы біреуді көргенімде,
Қамыр екен иленген деп қаламын.
Не нәрсе екен адамды сүйікті еткен,
Мәртебесін өзгеден биіктеткен.
Сол қамырды ыстықта ұстағанда,
Қалаш-сынды кейбірі күйіп кеткен.
Бұл жалғанда алмайтын сүймей тыным,
Көп нәрсені ғұмырда білмейтұғын,
Жаратса да адамды топырақтан,
Пластилин емес қой илейтұғын.
Хайуан емес айдаса бара берген,
Құрдым да емес не келсе, ала берген,
Тән мен жанды жаратқан пәруардігер,
Адамзатқа әдейі сана берген.