14.07.2022
  93


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Алған жары махаббаты алғашқы

Алған жары махаббаты алғашқы
Болған болса – отбасында хал жақсы.
Алған жары болған болса екінші,
Аузы күйген мақсатына жетсінші.
Алған жары болған болса үшінші,
Тұрақтай ма, жырақтай ма – түсінші.
Алған жары болған болса төртінші,
Қарғамай ма алғашқы үшеу дерт іші.
Алған жары болған болса бесінші,
Дәті жетіп жинар ма екен есін шын?!
Алған жары болған болса алтыншы,
Алған шығар жай әншейін салт үшін.
Алған жары болған болса жетінші,
Кешірімді тек Алладан өтінсін.
Жеп жүргендер әйелдердің хақысын
Пайғамбардың хадистерін оқысын.
Санасы бар жігіт қана тұрақты
Өте алады қиналмастан сынақты.





Пікір жазу