14.07.2022
  70


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Жыл мезгілін көбінесе танимыз

Жыл мезгілін көбінесе танимыз
Көктем мен жаз, күз бенен қыс арқылы.
Тіні берік, сауабы мол, жаны игі
Әрбір күннің бояулары әртүрлі.
Ұлы Ұрымға, қызы кетіп Қырымға
Жүрсе де адам келмейді ғой өлгісі.
Күн қызуы, мұз суығы, шынында,
Жұмақ пенен тозақтың бір белгісі.
Тіршілікте қимылдап қал, қалайда,
Болар талай жеңіс пенен жеңіліс.
Аққан су мен соққан жел де, алайда,
Фәни менен Бақиға ортақ көрініс.
Көрген түстей көрдің өмір ғажабын,
Шүкірлік қыл, аман жетсең бүгінге.
Тәнін сезген рақаттың азабын
Көтеретін жан қиналар түбінде.





Пікір жазу