14.07.2022
108
Жар басында жарбияды жапалақ...
Жар басында жарбияды жапалақ,
Құй сен, сенбе, онда да бар махаббат.
Бәдәуилер мекені үшін соғысқан,
Ыстық құмды сүйеді екен жата қап.
Жұмыртқасын шоқып жеген тауықты
Асыраған мына заман қауіпті.
Адам қалай аулайды екен ұялмай,
Уылдырық шашып жүрген балықты.
Ұялмайтын, жиі алдайтын пенде көп,
Бақ пен байлық сенде бар да, менде жоқ.
Көрсеқызар, инабатсыз жалғандық
Екі ортада тұрған-сынды перде боп