14.07.2022
139
Тізе қосса жалғаншы мен алдамшы...
Тізе қосса жалғаншы мен алдамшы,
Өтпейді екен міскіндерге ар-қамшы,
Өтіріктің ұшы найза болса егер,
Қалқан болар ақиқатпен қорғаншы.
Десе біреу: «Не көрсем де, шыдайын!»
Дейді біреу: «Молдаларға ұнайын».
Елге көз қып міңгірлесе мүләйім,
Мінәжатын місе тұтпас Құдайым.
Тауқіметті мойындағы қамыттай
Көтерсе де, қияметтен қорықпай,
Жүргендердің құлшылығы, шынында,
Өлімсіреп жанып тұрған жарықтай.