14.07.2022
  201


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Қазағымның сөзі қызық, қалайда

Қазағымның сөзі қызық, қалайда
Ғұмыр жетсе, жердің жүзін көр дейді.
Жер үстінде жүрген пенде, алайда,
Көре алмайды, көп нәрсені көрмейді.
Қазағымның сөзі қызық, осы елде
Жердің астын, қабірді де көр дейді.
Жатқан жері жарық болсын десең де,
Қараңғы деп жұрттың көбі сенбейді.
Туған жердің ойы менен қырында
Көргенді де, көргенсіз де жүр дейді.
Екі дүния жақсылығын, шынында,
Көрер болсақ, қайғы бұлты төнбейді.





Пікір жазу