14.07.2022
  102


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Үйлеспейтін зат бар ма икемдесе...

Үйлеспейтін зат бар ма икемдесе,
Шықпайды ғой ұшқын да үйкелмесе.
Құбыла түгел, барлығы бар секілді,
Көңіліңді алдамшы күй тербесе.
Адамдардың кейбірі мал секілді,
Жүре алмайды кездейсоқ сүйкенбесе.
Түнеретін тосыннан «сый» келмесе,
Сенбейді олар тозақта үйтер десе.
Әзәзіл кеп килігіп, азғырса егер,
Шыдамайды біреуді итермесе,
Қорықпасаң, қайтпасаң райыңнан,
Шайтанға ер де, сен-дағы сүйт ендеше.





Пікір жазу