14.07.2022
  94


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Көкжиектен келе жатса күн шығып...

Көкжиектен келе жатса күн шығып,
Бой көтерсе жатқан шөптер тұншығып,
Жел тербетіп иілсе егер бір шыбық,
Мәнін білмей, жүре берме қырсығып.
Алла берген тіршілік!
Азан айтса, жалбарынған үн шығып,
Күнәні ойлап, өкіне алсақ күрсініп,
Таза жүрсек кетпей бойға кір сіңіп.
Ұятты істен тұрар болсақ қымсынып,
Алла берген тіршілік!





Пікір жазу