14.07.2022
  95


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Ия, Алла, қажет деп жиған жүгім..

Ия, Алла, қажет деп жиған жүгім,
Тисе болды қолына имандының.
Түсінсе екен ұрпағым қанағатқа
Төрт бұрышы әлемнің сиғандығын.
Кең әлемді шарлаған сөзім дара,
Алды-артымды барлаған өзім дана.
Қызығуын қоймайтын көңіл арсыз,
Құмартқанға тоймайтын көзім ғана.
Көз ашқан соң әлемді көрсе жақсы,
Жер басқан соң алшаңдап жүрсе жақсы,
Тіршіліктің ғажабын ұққан адам
Ақыреттің азабын білсе жақсы.





Пікір жазу